Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген әйел 25 млн талап етіп отыр

Сұқбат
Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген әйел 25 млн талап етіп отыр

Қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, қалаға қашып кеткен.

Соққыдан зардап шеккен Анна Чернова екі ай өтсе де, тамағын дұрыстап іше алмай қиналып жүр. Төбелесте жағы мен иығын жарақаттаған әйел енді сотта моральдық шығын ретінде 25 миллион теңге сұрайтынын айтты. Жәбірленуші тарап бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлаған. 

Қоғамдық резонанс тудырған төбелес ақпан айында болған. Сол кездегі видео әлеуметтік желіге енді тарап жатыр. Кадрден Дәулет Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыптыға жұдырық ала жүгіргені байқалады. Алдымен жігітті төпелеп, сосын оның әйелін ауыр соққысымен сұлатып түсірген.  

«Жедел тергеу амалдары бойынша күдікті ретінде Болат.Н.Д кінәсі толықтай дәлелденді. ҚК 107-бабы, 2-тармағымен жүргізілген тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іспен танысу жүріп жатыр. Бәрі біткеннен кейін Алматы әскери сотына жібереміз. Қазір Болат. Н.Д әскери бөлім бақылауында», - дейді ҚР ІІМ Оңтүстік-өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы Мұхит Жауғашев.

Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов: «Балам кәмелетке толған, сондықтан қолымен істегенді мойнымен көтереді»,-деп, пікірін білдірген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу