Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова туған күнін отбасы мен жақындарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Мерекелік кеш барысында әншінің қызы Мерей Заманбекқызы анасына гүл шоғын ұсынып, жүрек тебірентерлік тілегін арнады. Ол анасына деген шексіз сүйіспеншілігін білдіріп, болашаққа қатысты ақжарма ниетін жеткізді.
"Жаным, мамам, әрдайым жанымда бол. Ертең, Алла қаласа, мен де тұрмысқа шығып, бала сүйсем, соның бәріне куә болып жүр. Немереңді бауырыңа басып, қасымда әдемі әже болып жүрсең – мен үшін ең үлкен бақыт сол. Сені қатты жақсы көремін. Маған сендей ана берген Аллаға мың алғыс", – деді Мерей.
Бұл әсерлі сәт желі қолданушыларының да назарын аударды. Көпшілік Мерейдің анасына деген құрметі мен тәрбиесіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
"Тілегі қабыл болсын", "Алла армандарыңды орындасын", "Ана мен қыздың арасындағы байланыс ерекше", – деп жазды оқырмандар.