freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тыныс Дубек Азия чемпионатынында бесінші орынға тұрақтады

Спорт
Тыныс Дубек Азия чемпионатынында бесінші орынға тұрақтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында ҚР әйелдер құрамасының балуаны Тыныс Дубек шешуші белдесуде мерзімінен бұрын есе жіберіп, жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

62 келіде бозкілемге шыққан отандық спортшы қола жүлде үшін күресте Моңғолия балуаны Цэрэнчимэд Сухээге қарсы қауқар таныта алмады. Аталған кездесуде қазақстандық балуан 7:0 есебімен қапыда қалды.  

Осылайша Тыныс 2026 жылғы құрлық біріншілігін сәтсіз аяқтады. Естеріңізде болса, ҚР әйелдер құрамасынан 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізген болатын. 

Айта кететін жайт, еркін күрестен ерлер құрамасының екі балуаны жүлде үшін сынға түседі. Олардың бірі Бекзат Үркімбай (97 кг) қола медаль үшін Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновпен кездессе, Дәулет Ергеш (79 кг) жұбаныш белдесуін моңғолиялық спортшыға қарсы өткізбек. Егер жеңіске жетсе, Париж Олимпиадасының тағы бір чемпионы, өзбекстандық Разамбек Жамаловпен үшінші орын үшін таласады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу