freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкімет Степногор және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

Экономика
Үкімет Степногор және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Энергетика министрлігі

Мемлекет басшысының жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен Ақмола облысының екі қаласы – Степногор пен Көкшетаудағы инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын төмендету үшін 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаражаттың негізгі бөлігі, шамамен 2,7 млрд теңге, Степногор қаласындағы ұзындығы 7,5 шақырым магистральдық жылу желісін жөндеу жөніндегі жобаны аяқтауға бағытталмақ. Тағы 1,2 млрд теңге Көкшетау қаласының №1 және №2 қазандықтарының энергетикалық қазандықтарын, жабдықтары мен жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Бүгінгі таңда Көкшетау қаласын жылумен екі қазандық қамтамасыз етіп отыр, негізгі жылу көзі – АҚ-2 қазандығы. Өткен жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен қалада кешенді техникалық жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 44%-дан 42%-ға төмендеді. Степногор қаласында Үкімет резерві есебінен 7,1 шақырым магистральдық жылу желілері жаңартылды, нәтижесінде тозу деңгейі 71,4%-дан 68%-ға қысқарды.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру өңір тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге, желілердегі апатты жағдайларды азайтуға және болашақ жылыту кезеңдерінің қалыпты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы Үкіметтің еліміз бойынша қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2025 жылы 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді, 323 шақырым жылу желілері қайта жаңартылып, ауыстырылды, сондай-ақ 17 мың шақырым электр тарату желілері мен 420 қосалқы станса жөнделді. Бұл электр стансаларындағы жабдықтардың тозу деңгейін 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейін 50%-ға дейін төмендетті, ал электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 15%-ға азайды.

Сондай-ақ, 8 ЖЭО тәуекел аймақтарынан шығарылды: бесеуі – «қызылдан» «сарыға», тағы үшеуі «сарыдан» «жасылға» көшірілді. Жекелеген жаңғырту жоспарлары бекітіліп, жөндеу жұмыстарын қаржыландыру күшейтілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу