freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина аумағында 12 қазақстандық тұтқында отыр

Әлем
Украина аумағында 12 қазақстандық тұтқында отыр
Фото: fergana.agency

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің консулдық бөлімі Украина аумағында тұтқында отырған 12 қазақстандық туралы мәлімет бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz «Ферғана» басылымына сілтеме жасап.

«Украинадағы Қазақстан Республикасы елшілігінің консулдық бөлімі Украина аумағында тұтқында отырған 12 Қазақстан азаматы жөнінде мәліметке ие. Бұл ақпарат ведомствоның «Ферғана» басылымының сұрауына берген ресми жауабында көрсетілген», – делінген сенбі күні жарияланған хабарламада.

Басылым мәліметінше, сұрау әскери қимылдар аймағында ұсталған немесе тергеуде жүрген қазақстандықтарға қатысты жалпыланған ақпаратқа байланысты жолданған.

Елшілік дерегіне сәйкес, аталған мәліметтер Украинадағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде алынған.

Сонымен қатар консулдық бөлім Қазақстан азаматтары арасындағы әскери тұтқындарды санаттар бойынша жеке есепке алу жүргізілмейтінін нақтылады. Осыған байланысты елшілік мұндай санаттар бойынша толық әрі егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу