freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина мен Ресей 200 әскери тұтқынын алмастырды

Әлем
Украина мен Ресей 200 әскери тұтқынын алмастырды
Фото: Владимир Зеленскийдің телеграм арнасы

Украин мен Ресей тұтқын алмасып, нәтижесінде бір-біріне 200 әскери қызметші қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бүгін 200 украиналық отбасы ең көп күткен хабарды алды: олардың жақындары үйіне оралады», – деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде.

Президенттің айтуынша, босатылғандардың арасында Мариуполь, Донецк, Луганск, Харьков және Запорожье облыстарын қорғаған сарбаздар бар. Олар – Украина Қарулы күштерінің әскери қызметшілері, Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің өкілдері, шекарашылар мен ұлттық гвардия жауынгерлері.

Мәскеу де «200-ге 200» формуласы бойынша тұтқын алмасу болғанын растады. Ресей тарапы да, Украина да бұл процесте АҚШ пен Біріккен Араб Әмірліктерінің делдалдық рөл атқарғанын атап өтті.

Ресей Қорғаныс министрлігі босатылған ресейлік әскери қызметшілер қазір Беларусь аумағында екенін хабарлады.

Бұған дейін Ресей мен Украина жаңа жылда алғаш рет тұтқын алмасқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу