Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Ресеймен тұтқын алмасу жөніндегі келіссөздерді қайта бастады

Әлем
Украина Ресеймен тұтқын алмасу жөніндегі келіссөздерді қайта бастады
Фото: Ukrainian Presidential Press Service/REUTERS

Украина Ресеймен тұтқындар алмасу туралы жанама келіссөздерді қайта жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Мәскеу Киевті бұл процесті тоқтатты деп айыптаған еді.

15 қараша, сенбі күні Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҚҚҚ) хатшысы Рустем Умеров Telegram-арнасында Ресеймен тұтқындар алмасу үдерісін қайта жандандыру жөнінде жанама консультациялар өткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әңгіме шілдеде Түркияда Украина мен Ресей делегациялары қол қойған «Стамбул келісімдері» аясындағы алмасуды қайта бастау туралы болып отыр.

Түркия мен БАӘ бұл мәселеде делдал болған.

«Жақын арада техникалық консультациялар өтеді. Онда барлық рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелер нақты бекітіледі», — деді ҚҚҚ басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу