Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (НАБУ) мен Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы (САП) Жоғарғы радада (Верховная рада) дауыс беру үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырған әрекеттегі халық депутаттары тобын әшкерленді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, 27 желтоқсанда бірқатар күдіктілерге қатысты тергеу әрекеттері мен тінтулер жүргізіліп жатыр. Алайда іс бойынша егжей-тегжейлі ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Халық депутаты Алексей Гончаренко Telegram желісінде НАБУ Жоғарғы раданың көлік мәселелері жөніндегі комитетінің ғимаратында тергеу жүргізіп жатқанын жазды. Оның айтуынша, комитет төрағасы Юрий Кисельге қатысты да сұрақтар бар. Гончаренко оны Сергей Шефир және Украина президенті Владимир Зеленскийге жақын адам деп атады.
Ал НАБУ өз кезегінде Жоғарғы рада комитеттерінде тергеу жүргізу кезінде Управление государственной охраны қызметкерлері кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.