freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады

Құқық
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады
ашық дереккөз

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастаған. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. 

Tengrinews.kz редакциясы ҰҚК-ға Сабуровқа қатысты қылмыстық заңнаманы, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 170-бабын ықтимал бұзу дерегі бойынша тексеріс жүргізілді ме деген сауал жолдаған.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 170-бабы - "Жалдамалылық". Бұл соғысқа, қарулы қақтығыстарға қатыстыру немесе билікті құлатуға, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін адамдарды жалдау (вербовка), оқыту, қаржыландыру немесе пайдалануды білдіреді. Бұл үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҰҚК "Ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді. 

Бұған дейін танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болған. Мәліметке қарағанда, бұл шешім "елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мақсатында" қабылданған.

Әзілкеш Дубайдан оралғаннан кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында тоқтатылған. Сабуров Дубайға тегін депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпанда таңертең ол Алматыға келген. Оның артынан Алматыға "Что было дальше" шоуының тағы бір жүргізушісі Алексей Щербаков та ұшып келген.

Заңгер Александр Хаминскийдің айтуынша, Сабуров Ресей саясатына қатысты ұстанымын көпшілік алдында өзгертсе, тыйым алынады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу