freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық балаға қаражат аударылды

Білім-ғылым
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық балаға қаражат аударылды
Ақорда

Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы балалардың құқықтарын қорғау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселесіне арналған сөзінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің айтуынша, балаларды қорғау және олардың толыққанды дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

2024 жылдан бері «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап айтқанда, 2024 жылы балалардың есепшоттарына 695,5 миллион доллар, 2025 жылы 888,8 миллион доллар, ал 2026 жылы 901,7 миллион доллар аударылған.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы Қазақстанның балаларды қолдау бағытындағы маңызды жетістіктерінің бірі ретінде атап өтті. Оның пікірінше, көптеген мемлекеттерде балаларға арналған осындай ауқымды қолдау тетігі жоқ.

Сонымен қатар жыл басынан бері «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Құжатта өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған негізгі шаралар қамтылған.

Балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық өңірде арнайы басқармалар мен психологиялық қолдау орталықтары құрылды. Бұдан бөлек, елімізде инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытында әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар екенін атап өтті.

Солардың бірі – ақпараттың шамадан тыс көбеюі. Мемлекет басшысының айтуынша, ақпараттық жүктеменің артуы қоғамға, әсіресе психологиялық тұрғыдан әлі қалыптасу кезеңіндегі балаларға кері әсер етуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу