Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау аумағына зымыран бөліктері құлады

Экология
Ұлытау аумағына зымыран бөліктері құлады
видеодан скрин

Байқоңырдан жаңа пилоттық кеменің ұшырылымы сәтті жүзеге асты. Дегенмен Ұлытау өңіріне зымыран бөліктері құлаған. Мамандар «Союз МС-28» қалдықтарынан экологияға зиян келтірілмегенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 27 қарашасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақытымен 14:27–де «Союз МС-28» пилоттық кемесі бар зымыран-тасығыш сәтті ұшырылды. Зымыранның ұшырылуы штаттық режимде өтті.

— Зымыранның бірінші сатысы Ұлытау облысындағы елді мекендерден қашықтағы арнайы белгіленген аймаққа құлады. Халық үшін қандай да бір қауіп жоқ. Оқиға орнында «Роскосмос» мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей экологтері жұмыс жүргізіп жатыр. Өлшеулер мен сынамалар алынады. Алдын ала мәліметтер бойынша, экологияға зиян келтірілмеген, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, «Союз МС-28» экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын — керосин мен сұйық оттегін пайдаланады. Құлаған бөлшектер радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп тудырмайды.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу