freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда қолайсыз ауа райынан жүз елуден астам мал қырылды

Оқиға
Маңғыстауда қолайсыз ауа райынан жүз елуден астам мал қырылды
Ашық дереккөзден

14-15 сәуір аралығында соққан қатты жел мен нөсерлі жауын-шашын салдарынан Сайөтес ауылында бірқатар нысандардың шатырлары зақымданып, ұшып кеткен жағдайлар тіркелген еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар, Сайөтес пен 7-ші бекет аралығында (аудан орталығынан 120-150 шақырым) теміржол бойында ықтап жиналған ірі қара малдың қырылу деректері анықталып отыр.

«Оқиғаға байланысты құрылған арнайы комиссия 16-17 сәуір күндері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде теміржол бойымен 30 шақырым аумақта 161 бас жылқы (82 жылқы, 79 құлын) және 2 сиырдың өлексесі есепке алынды. Қазіргі таңда комиссия шаруашылық иелерімен бірлесе жұмыс жүргізуде. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелген мал бойынша өтемақы төлеу және өзге де мәселелер қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларының уәкілетті органдарымен қаралатын болады», - деп жазылған Маңғыстау ауданы әкімдігінің хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу