IMAGE: ©LOUVRE MUSEUM
Кеше (жексенбі, 19 қазан күні) Париждің әйгілі Лувр музейінде ұрлық болғанын әлемдік медиа жарыса жазған болатын.
Қазір ұрлықтың жай-жапсары біршама белгілі болды деп жазады BBC. Музейден бір уақыттары Наполеон Бонопарттың меншігі болған зергерлік бұйымдар мен асыл тастар қолды болған екен. Мұндай қылмыс 1911 жылдан бері алғаш қайталанып отыр. Ол кезде Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» кенебі ұрланған болатын.
Прокуратура «ұйымдасып ұрлық жасау және қылмыс жасау мақсатында сыбайласу» бойынша тергеу бастады. Тергеуге мәдени құндылықтардың заңсыз айналымымен күрес қызметі де қосылыпты.
Тергеу берген мәлімет бойынша, ұрылар төртеу болған. Қылмыс болған орыннан скутерлерге мініп кетіп қалған.
Францияның мәдениет министрі Рачида Датидің TF1 телеарнасына берген сұхбатында, қолды болған заттардың бірі музейдің жанынан табылды. Ұрылар оны тастай салған болуы мүмкін депті министр. Бірнеше француз медиасы ұрылар тастап кеткен әлде түсіріп алған жәдігерді - Наполеон III әйелі, Евгения пташайымның тәжі деп хабарлады. Олардың айтуынша, тәж қирап қалыпты.