Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үржардағы қайғылы оқиға: 6 баланы қаққан жүргізуші қамауға алынды

Құқық
Үржардағы қайғылы оқиға: 6 баланы қаққан жүргізуші қамауға алынды

Үржарда болған қайғылы оқиғаға байланысты көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 


Абай облысының Үржар ауданында болған үш баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеуде.

Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында, – делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, Үржарда көлік қағып кеткен үш бала қаза тапқаны, тағы үшеуі ауыр халде жатқаны хабарланды. Көлік қағып кеткен балалар ата-әжесіне қыдырып барған. Ауруханаға түскен үш баланың екеуін санавиация Астанаға жеткізетін болды.

Фото: pixabay


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу