Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ұяттау». Мәдина Сәдуақасованың оранып жүргені желі қолданушыларын ойландырып қойды

Шоу-бизнес
«Ұяттау». Мәдина Сәдуақасованың оранып жүргені желі қолданушыларын ойландырып қойды

Танымал әнші Мәдина Садуақасова отбасымен бірге шетелге кетіп, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Қатар еліне жеткен соң, Instagram парақшасында суреттерін жариялады.

Таныдыңыздар ма? Біз Катар еліндеміз!
Бұл елде осылай киінбесем, басқа амал жоқ,
Қалай ойлайсыз неге? Үш нұсқа айтайын:
1. Катар ең ыстық елдердің бірі.
2. Бұл елдің ережесі осындай (ашық шомылуға арналған киіммен суға түсуге болмайды)
3. Қонақүйде қазақстандықтар өте көп, шомылуға арналған киіммен жүру ұяттау, - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің сұрағына жауап беріп, өз болжамдарын ұсынды.

"Катар өте ыстық қой, сондықтан осылай киінген шығар", "Бұл елдің ережесі осындай", "Катар Ислам дініне, мұсылман еліне жататындықтан, онда ашық-шашық жүруге болмайды", "Әрине, бұл елде ашық жүруге болмайды, 2 нұсқа, 1 нұсқа да келеді", "Өте ыстық", - деп жазған олар.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу