freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асты

Әлем
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асты
Фото: AP/Javier Campos

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 2 980 адамға жетті. Қаза тапқандар саны 589-ға дейін өсті. Ондаған адам құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ел президентінің уәкілетті өкілі Делси Родригес мәлімдеді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. Құтқарушылар ғимараттардың құлауынан кейінгі алғашқы 72 сағат аяқталғанға дейін мүмкіндігінше көп тірі қалған адамды табуға тырысуда. Мамандардың айтуынша, қаза тапқандар саны әлі де айтарлықтай артуы мүмкін.

Көптеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Олардың бірқатары анықталғанымен, әлі күнге дейін үйінді астынан шығарылған жоқ.

Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты өңіріндегі жағдайды ел билігі ерекше бақылауға алды. Ла-Гуайра, Каракас және оған жақын аудандардағы жүздеген тұрғын баспанасыз қалды. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеп жатқан кезде, әскери қызметкерлер халыққа ауызсу мен азық-түлік таратып жатыр. Көмекке АҚШ Қарулы күштері де келді.

2026 жылғы 24 маусым кешінде Венесуэланың солтүстік-батысында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрлері бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан.

Табиғи апат салдарынан көптеген тұрғын үйлер мен мемлекеттік ғимараттар қирап, елдің басты әуежайы жұмысын тоқтатты.

Бұл жер сілкінісі Венесуэлада кейінгі 100 жылдан астам уақыттағы ең қуатты зілзала ретінде бағаланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу