Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ветеринариялық құжаты жоқ мал өнімін сатқандар жазаға тартылуы мүмкін

Құқық
Ветеринариялық құжаты жоқ мал өнімін сатқандар жазаға тартылуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық құжаты жоқ мал өнімдерін сатқандарды қылмыстық жауапқа тартуды ұсынып отыр.

Жеткізушілер мен ветеринариялық құжаттарсыз өнім сатып алушыларға қатысты жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату қажет. Ветеринарияны одан әрі трансформациялау — цифрландыруды жетілдіруді, тауарлар қозғалысының қауіпсіздігі мен қадағалануы бойынша заңнаманы жақсартуды, жүкке ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейтуді, жергілікті әкімдіктердің өкілеттерін кеңейтуді, мал сырғасын ұйымдасқан шаруашылықтардың өз бетінше сатып алуы арқылы бюджет қаражатын азайтуды көздейді, — деді министр Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлік елдегі малдың айналымын 7 қосымша сервис арқылы жүйелі түрде бақылап отыр.

Әрбір жануарға жеке нөмір беріледі. Барлық дерек пен ветеринариялық рәсім тіркеледі. Фермерлер мен ветеринарлар электрондық сервистерді пайдалану арқылы уақыт үнемдеп, қателік қаупін азайтады, — деді министр Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Фото: Үкімет 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу