freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Виктория Графеева Бразилияда өткен әлем кубогында чемпион атанды

Спорт
Виктория Графеева Бразилияда өткен әлем кубогында чемпион атанды
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалдық жекпе-жек Фос-ду-Игуасу қаласында өтті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Графеева шешуші айқаста бразилиялық Ребека Сантоспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек тартысты өтті. Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен алға шықса, екінші кезеңде де белсенділігін сақтап, төрешілердің бағалауында басымдыққа ие болды. Қорытынды раундта Графеева сауатты қорғанып, қарсы шабуылдар арқылы басымдығын сақтап қалды.

Нәтижесінде төрешілердің бөлінген шешімімен Виктория Графеева жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ал Ребека Сантос күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 400-ден астам боксшы қатысуда. Финалдық кезеңге 19 елдің спортшылары жолдама алған.

Басқа финалистер:

Қазақстан құрамасынан финалда тағы үш боксшы бақ сынайды:

Аида Әбікеева (65 кг)

Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг)

Валерия Аксенова (80+ кг)

Осылайша, Виктория Графеева Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы алтын медалін жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу