Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ХАМАС басшысы Тегеранда қаза болды

Әлем
ХАМАС басшысы Тегеранда қаза болды

ХАМАС радикалды тобының саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны Тегеранда өлтіріп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы DW жазды.

Иран Ислам революциясының Қамқоршылар корпусының мәлімдемесіне сәйкес, Хания мен оның оққағарларының бірі Тегерандағы резиденциясына жасалған шабуылда кезінде қаза тапқан. 

Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері кейінірек жарияланады, - деп хабарлады Қамқоршылар корпусы.

ХАМАС Еуропалық Одақ пен АҚШ-та террористік ұйым ретінде танылған.

Исмаил Хания 2017 жылдан бастап ХАМАС-тың саяси қанатын басқарды және бүкіл топтардың жетекшісі болып саналады.

Еске салсақ, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС радикалды тобы Израильге шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қарсы әскери операцияны бастады. Газа секторында 35 мыңнан астам адам қаза тапты.

Фото: REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу