Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

Әлем
Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

Ұлыбритания ханзадасы Гарри бірнеше жылдық үнсіздіктен кейін әкесіне — Король III Чарльзге татуласу жайлы ұсыныс білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы ол BBC-ге берген сұхбатында бөлісті.

"Мен отбасыммен татуласқым келеді. Ұрысты жалғастырудың мәні жоқ", – деді.

Алайда король бұл ұсынысқа әлі жауап қайтармады. Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл 2020 жылы корольдік міндеттерінен бас тартып, АҚШ-қа көшіп кеткен еді. BILD басылымы ханзаданың бұл мәлімдемесін Лондон сотындағы соңғы жеңілісімен байланыстырып отыр. Сот Гарри мен оның отбасына Ұлыбританияға келгенде толыққанды қауіпсіздік берілмейтінін шешкен.

Гарридің айтуынша, дәл осы жағдай оның әкесімен қарым-қатынасын одан әрі шиеленістіріп жіберген. Корольдің достары The Sun-ға берген сұхбатында, Чарльз ұлының сөздеріне ашулы екенін және Гарридің "қоғамдық тәртіп пен корольдік міндетке құрметсіздік көрсеткенін" айтты.

Фото: BBC

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу