Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЗАЭС қауіпсіздігі үшін Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

Әлем
ЗАЭС қауіпсіздігі үшін Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты
Фото: LIBKOS/AP/picture alliancе

МАГАТЭ-нің арағайындығымен Ресей мен Украина Запорожье атом электр станциясы маңында атысты жергілікті деңгейде тоқтатуға келісті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ресей мен Украина Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) арқылы Запорожье АЭС ауданында жергілікті атысты тоқтату жөнінде уағдаласты. Мақсат — соңғы қалған резервтік электр беру желісін жөндеуді бастау. Бұл туралы МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси жұма күні, 16 қаңтарда хабарлады.

«Алдағы күндері Украина электр желілері операторының техникалық мамандары 2 қаңтардағы әскери әрекеттер салдарынан зақымдалып, ажыратылған 330 кВ желіні жөндеу жұмыстарына кіріседі деп күтілуде», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, МАГАТЭ өкілдері жөндеу жұмыстары жүргізілетін майдан шебіне жақын аумақта бақылау жасау үшін Вена қаласынан жолға шыққаны айтылды. Гроссидің еске салуынша, ЗАЭС маңындағы қазіргі жергілікті атысты тоқтату — төртіншісі. Оның айтуынша, бұл МАГАТЭ-нің маңызды рөлін айқын көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу