Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды

Құқық
Жамбыл облысында жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды

Жамбыл облысында супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер полиция қызметкерлерімен жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.

"Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу