Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа Конституция жобасы жайында фейк таратқан адам айыппұл арқалады

Қоғам
Жаңа Конституция жобасы жайында фейк таратқан адам айыппұл арқалады
Фото: depositphotos.com

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған, жаңа Конституция жобасының мәтінінде жерді шетел азаматтарына сатуға тыйым алынып тасталды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі аталған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілердің бұрмаланғанын атап өтті.

«Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және қолданыстағы Конституция талаптарына толық сәйкес келеді», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция мәліметінше, жалған ақпарат тарату деректеріне құқықтық баға берілген.

«Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК (шамамен 86 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция қоғамдық кеңістікте жалған ақпарат таратудың заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бұған дейін Дезинформациямен күрес орталығы да жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталды деген ақпаратты фейк деп атаған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін жаңа Конституцияның жобасы жарияланған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу