Жангелдин ауылында өлтірілген Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мүрделері үй ауласындағы сарайдан шамамен 1 метр тереңдіктен табылғаны сотта көрсетілді. Тергеу дерегінше, күдікті Сұлтан Сарсемалиев алдымен Нәсіп Өтешқалиеваны, кейін Мақсот Қарабалинді жерлеп, ізін жасыру үшін үстіне линолеум төсеп, диван қойған.
Сотта күдіктінің ата-енесін үстіндегі киімдерімен бірге көмгені және 2024 жылғы 7 қарашада марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның екі алтын сақинасын Атыраудағы ломбардқа өткізіп, ақша алғаны айтылды.
Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Күдіктіні адвокат Асан Жұмабаев қорғауда. Бұған дейін Сарсемалиев сотта қайынағасы Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты өзін-өзі қорғағанын мәлімдеген.