Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жанымызды шүберекке түйдік». Ләйлә Сұлтанқызы адамдарды мейірімді болуға шақырды

Қоғам
«Жанымызды шүберекке түйдік». Ләйлә Сұлтанқызы адамдарды мейірімді болуға шақырды

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында болған ұшақ апатынан соң бауырмалдық деген ұғымның аясы кеңейе түскенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

БАҚ өкілі Instagram-дағы парақшасында 38 адамның өмірін қиған жағдай өзіне аса ауыр тигенін айтты.

Бармын, бауырым. Бүгінгі күн оңай болған жоқ. Баршамызға бұл қаралы хабар ауыр тиді. Бауырмалдық, татулық, бірліктің қадірін тағы бір мәрте түсіндік. Мәжбүрсіз қан тапсыру, күштеусіз көмектесу, ТЖМ, ДСМ, облыс, қала әкімдігінің, белсенді азаматтардың қолдауы, кәсібилік, жылдамдық. Рас, көрші ақысы - тәңір ақысы. Тағдыры талқан болған қанша азамат үшін жанымызды шүберекке түйдік. Аман қалғандар үшін тек «шүкір» дей бердік. Дос, бауыр, жанашырлықтың айқын көрінісі. Зардап шеккен жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын! Иманды болсын, - деп жазды Сұлтанқызы.

Фото:instagram.com/sultankyzy

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу