freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жанжалға барғым келмейді»: Михаил Шайдоров спорт жүйесіндегі жағдайды әшкереледі

Спорт
«Жанжалға барғым келмейді»: Михаил Шайдоров спорт жүйесіндегі жағдайды әшкереледі
Шайдоровтың инстаграм парақшасынан

Михаил Шайдоров бес ай бойы жалақы алмағанын айтып, келісімшарттағы түсініксіз талаптарды жариялады. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жалақының кешігуіне қатысты не үшін көпшілік алдында пікір білдіруге мәжбүр болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеп. 

Спортшы бұл туралы Threads желісінде жазба жариялады. Бұған дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өкілі Оралхан Балмағамбетов Шайдоровтың жалақы кешігуіне қатысты сөзін түсіндіріп, наурыз және сәуір айларындағы төлемнің тоқтауына жаңа келісімшартқа қол қойылмауы себеп болғанын айтқан еді.

Алайда Михаил Шайдоров бұл мәлімдемемен толық келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, қоғамдағы жалған ақпарат ағынына жауап беруге тура келген. — Кей мәселелерді жария түрде айтпайынша шешу мүмкін болмай жатқаны өкінішті. Ешқандай мекемемен жанжалға барғым келмейді. Бірақ атымды көпшілік алдында қаралауға жол бере алмаймын, — деді спортшы.

Шайдоровтың сөзінше, ол 2025 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алғаннан кейін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындаған. Соған қарамастан, әлі күнге дейін тиісті куәлігін алмаған. Сондай-ақ олимпиададағы алтыны үшін берілетін сыйақы да төленбепті. Спортшы олимпиада сыйақысына қатысты наразылығы жоғын айтты. Оның пікірінше, бұл ұзақ уақытты қажет ететін рәсім. Мәнерлеп сырғанаушы жалақы мәселесінің қалай туындағанын да түсіндірді. Айтуынша, көптеген жоғары деңгейлі спортшылар секілді ол да федерация мен Спортты дамыту дирекциясынан жалақы алады. Федерациямен келісімшарт жасалғанымен, Спортты қолдау қоры қаржыландыру өтінімін қарап жатқандықтан, төлемдер бес ай бойы тоқтап тұр.

— Маған және командама 2026 жылғы жаңа келісімшарт бойынша тек мамырдың ортасында ғана хабарласты. Мұны хат алмасу арқылы дәлелдей аламын, — деді ол. Шайдоровтың айтуынша, ұсынылған келісімде 2030 жылғы Олимпиадада медаль алу міндеті көрсетілген. Бірақ бұл талап 2026 жылға арналған келісімшартқа енгізілген. — 2026 жылы төрт жылдан кейін өтетін Олимпиаданы жеңу мүмкін емес қой. Бұл қисынсыз талап, — деді чемпион.

Спортшы осы тармақты қайта қарауды сұрағанын, алайда әлі күнге дейін ешкім байланысқа шықпағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қаржыландырудың жоқтығынан алдағы оқу-жаттығу жиындарына дайындықты бастай алмай отырғанын айтты. Оның сөзінше, жол ақысы, жиын шығындары мен бағдарлама дайындығы төлене ме, жоқ па — әзірге белгісіз.

— Менің міндетім — жаттығу. Күніне үш рет мұз айдынына шығамын. Егер маусымға қаржыландыру толық бөлінсе, төленбей қалған жалақымды Балаларды қорғау күніне орай балаларға көмек ретінде аударғым келеді, — деп түйіндеді Михаил Шайдоров.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу