freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаркент тұрғыны бір айда 530 мың теңгенің шоколады ұрлаған

Қоғам
Жаркент тұрғыны бір айда 530 мың теңгенің шоколады ұрлаған
Фото: ІІМ

Жетісу облысының Панфилов ауданында полицейлер Жаркент қаласындағы ірі сауда орталығынан шоколадтарды жүйелі түрде ұрлады деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, сауда орталығы өкілінің «Рахат Қазақстан» шоколадының жоғалғаны туралы арызынан кейін жедел іс-шаралар жүргізілген. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында күдіктінің бірнеше рет қайталанатын ұрлық тәсілін қолданғаны анықталды.

Ол дүкенге кіріп, сатушылардың назарын бақылайтын болған. Кейін шоколадтарды сөмкесі мен қалталарына салып, кассадан төлемей шығып кеткен. Арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, осы әрекетін қайталаған. Кей күндері осындай 5-6 ұрлық дерегі тіркелген.

Тергеу мәліметінше, бір ай ішінде күдікті дүкеннен барлығы 625 дана шоколад алып шыққан. Келтірілген материалдық шығын 530 мың теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу