Белгілі тележурналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа мәліметтер пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген болжаммен қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққанын жеткізді.
Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда. Жауаптыларға тықыр таянды, – деді Қымбат Досжан Instagram-парақшасында.
Фото: интернеттен