freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Зейнетақы қорындағы қаржы азайып жатыр»: БЖЗҚ түсініктеме берді

Қоғам
«Зейнетақы қорындағы қаржы азайып жатыр»: БЖЗҚ түсініктеме берді
Фото: БЖЗҚ

Отандық азамат өз шотындағы қаражат көлемінің күтпеген жерден қысқарғанын айтып, БЖЗҚ-ға шағыммен жүгінген, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, зейнетақы жинағындағы артық соманы «Отбасы банкіндегі» депозитке аудармақ болған, алайда шоттағы қаражат азайып кеткендіктен бұл жоспары жүзеге аспаған. Осыған байланысты салымшы қордан мән-жайды түсіндіруді талап етті.

Қордың хабарлауынша, зейнетақы шоттарына түскен қаражат түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Инвестициялық табыс тұрақты болмайды және оның мөлшері нақты бекітілмейді. Ол бағалы қағаздардың нарықтағы құнына, валюта бағамдарының өзгерісіне, сондай-ақ жарналардың түсу уақыты мен көлеміне тәуелді.

«Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелетін табыс өзгеріп отыруы мүмкін. 2026 жылғы наурызда теңгенің долларға қатысты нығаюы және шетелдік басқаруға берілген активтердің нарықтық құнының төмендеуі инвестициялық табыстың азаюына әсер етті. Соның салдарынан салымшылардың шоттарында теріс инвестициялық табыс қалыптасты», – деп түсіндірді БЖЗҚ.

Қор өкілдері мұндай жағдайларда зейнетақы жинағының жалпы көлемі, соның ішінде мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат мөлшері де азаюы мүмкін екенін атап өтті. Егер жинақ жеткіліктілік шегінен төмендеп кетсе, артық қаражатты алу туралы өтініш қанағаттандырылмайды.

Сондай-ақ Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесін қайта қарау жоспарланып отыр. Дегенмен Еңбек министрлігі 8 сәуірдегі мәлімдемесінде биыл бұл шектерді арттыру көзделмегенін хабарлады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу