Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жеке касса заңсыз қайта сатқан». ҚТЖ билет тапшылығының сырын ашты

Қоғам
«Жеке касса заңсыз қайта сатқан». ҚТЖ билет тапшылығының сырын ашты

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жолаушылардан билеттерді заңсыз қайта сатуға қатысты бірнеше рет шағым түскен. ҚТЖ қызметкерлері «Алматы-1» теміржол вокзалында билеттерді қайта сатып алушылармен күрес аясында жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, өз тергеуін жүргізген, деп хабарлайды Malim.kz.

Сөйтіп, билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтаған. Ал билеттерді қайта сату құйтұрқылығына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан.

Бүгінде тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

Вокзал бастығы тергеу жүргізу кезеңінде лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалында жүргізіледі, деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Фото: ҚТЖ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу