Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский мен Трамп Давоста Украина бойынша стратегиялық құжатқа қол қоюы мүмкін

Әлем
Зеленский мен Трамп Давоста Украина бойынша стратегиялық құжатқа қол қоюы мүмкін
Фото: Jim Watson/AFP

АҚШ пен Украина тарапы Укра на соғысынан кейінгі қалпына келтіру жөніндегі ауқымды келісімге қол қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

The Guardian басылымның мәліметінше, келісімнің жалпы көлемі 800 млрд еуроны құрауы мүмкін. Құжат Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру мен елдің экономикалық «өркендеуіне» бағытталған. Келісімге Дүниежүзілік экономикалық форум аясында қол қойылуы ықтимал. Форум Давос қаласында 19–23 қаңтар аралығында өтеді.

Күтіліп отырғандай, форум аясында Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесіп, құжаттың соңғы нұсқасын келіседі.

Аталған келісім Украинаның соғыстан кейінгі қалпына келуіне халықаралық инвестиция тартуға және ұзақмерзімді қауіпсіздік тетіктерін қалыптастыруға бағытталмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу