Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: Ресей Украинаға дрон шабуылдарын Беларусь арқылы ұйымдастырып отыр

Әлем
Зеленский: Ресей Украинаға дрон шабуылдарын Беларусь арқылы ұйымдастырып отыр
© AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресейдің дрондары Украинаның батыс өңірлеріне Беларусьтің қатысуымен украин әуе қорғанысын айналып өтіп шабуыл жасауда, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Барлау мәліметтеріне сәйкес, мұндай жабдықтар Беларусьтің шекара маңындағы аудандарында тұрғын үйлердің үстіне орнатылып жатыр. 

Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Ресей әскерлері украин дрон-перехватчиктерінің қорғаныс шептерін көршілес Беларусь (РБ) аумағы арқылы айналып өтуге тырысып жатыр. Бұл туралы ол жұма күні кешке, 26 желтоқсанда өткен, толықтай «дрондар, қорғаныс шептері және Украинаның жауаптары» тақырыбына арналған Жоғарғы Бас қолбасшы Ставкасының кеңесінде айтты.

«Бұл Беларусь үшін қауіпті. Біз “Орешникпен” байланысты қадамдарды көрдік, енді — “шахедтер” арқылы. Беларусьтің өз егемендігін Ресейдің агрессивті амбицияларының пайдасына беріп отырғаны өкінішті», — деп жазды Украина президенті өз Telegram-арнасында.

Зеленскийдің айтуынша, ресейліктер Украинаның әуе қорғанысы шептерін, соның ішінде дрон-перехватчиктерді де көріп, оларды айналып өтуге әрекеттенуде. Украин барлауының дерегінше, Украинаға қарсы соққыларда қолданылатын жабдық «Беларусьтің шекараға жақын елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге де орналастырылған».

«Іс жүзінде қарапайым бес қабатты үйлердің шатырларына антенналар мен басқа да жабдықтар қойылған, олар біздің батыс өңірлеріміздегі нысандарға “шахедтерді” бағыттауға көмектеседі», — деп жазды президент.

Зеленский бұл «өте маңызды мәселе» бойынша жауап келесі Жоғарғы Бас қолбасшы Ставкасы отырысында берілетінін айтты. «Бұл — адам өмірін мүлде елемеу. Минскіде бұнымен ойнауды тоқтату маңызды. Серіктестерді хабардар етеміз және бірлескен жауаптарды дайындаймыз», — деп түйіндеді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу