Ресей әскері Украинаға қарсы жаңа жаппай соққы жасауға дайындалды, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде, деп хабарлайды Malim.kz.
«Осы күндері бұрынғыдан да аса мұқият болу қажет — Ресей соққыға, жаппай соққыға дайындалды және оны жасауға қолайлы сәтті күтіп отыр. Өтінемін, барлық әуе дабылдарына назар аударыңыздар, әрбір өңірде барынша жедел әрекет етіп, адамдарға қолдау көрсетуге толық дайындық болуы тиіс», — деді ол.
Зеленский сондай-ақ премьер-министр Юлия Свириденкомен үкіметтің осы аптада энергетика саласының қызметкерлеріне қосымша төлемдер туралы шешім қабылдайтыны жөнінде келіскенін хабарлады.
«Осы төтенше жағдайда қосымша ай сайынғы төлемдер болуы керек — әрбір ай үшін — соққылардан кейін тікелей жергілікті жерде, апат орындарында жұмыс істейтін біздің азаматтарымызға, жөндеу бригадаларына. Мемлекет Ресей қиратқан нысандарды Украина қайта қалпына келтіруі үшін еңбек етіп жүрген әрбір адамға алғыс білдіруге тиіс», — деп қосты президент.