Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Трамппен кездесудің алдында одақтастарымен сөйлесті

Әлем
Зеленский Трамппен кездесудің алдында одақтастарымен сөйлесті

Украина президенті Владимир Зеленский 28 желтоқсанға жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамппен Флоридадағы кездесудің алдында бірқатар еуропалық елдердің басшыларымен телефон арқылы онлайн-конференция өткізді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әңгіме барысында Киевтің қазіргі дипломатиялық бағыты мен негізгі басымдықтары талқыланған.

Онлайн форматтағы кездесуге Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Дания премьер-министрі Метте Фредериксен, Польша премьер-министрі Дональд Туск, Нидерланд премьер-министрі Дик Схооф, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре, Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон қатысты.

Сонымен қатар әңгімеге Канада премьер-министрі Марк Карни, НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қосылды.

Украина басшысы одақтастарына үйлестіру мен қолдау үшін алғыс айтып, Трамппен кездесуден кейін де байланыс жалғасатынын мәлімдеді.

«Путиннің айла-шарғы жасап, соғысты әділ әрі нақты аяқтаудан жалтармауы үшін майданда да, дипломатияда да мықты ұстанымдар қажет», – деп жазды Владимир Зеленский.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу