Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Украинаның Қауіпсіздік қызметінің басшысын қызметтен босатуы мүмкін

Әлем
Зеленский Украинаның Қауіпсіздік қызметінің басшысын қызметтен босатуы мүмкін
Фото: golos.ua

Зеленский Василий Малюкты Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) басшысы қызметінен босатып, оны Сыртқы барлау қызметіне (СВР) немесе Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) хатшысы етіп тағайындау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

2 қаңтар, жұма күні «Украинская правда» газеті мен «РБК-Украина» ақпарат агенттігі билік құрылымдарындағы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, осы ақпаратты хабарлады. Бұл туралы «Голос» фракциясынан Жоғарғы рада депутаты Ярослав Железняк те Telegram-арнасында жазды.

«Украинская правда» дерегінше, Малюк Сыртқы барлау қызметінің басшысы немесе Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы болып тағайындалуы мүмкін. Ал бұл жағдайда СБУ-ды кім басқаратыны нақтыланбаған. Басылым СБУ басшысын қызметке тағайындау және қызметтен босату Жоғарғы раданың президент ұсынуымен жүзеге асатынын еске салады.

Железняк 2 қаңтар кешке Telegram-да: «Естуімізше, ертең өңірлер басшылары да жаппай ауыстырылуы мүмкін. Шамамен он шақтысы», — деп жазды. Оның айтуынша, қызметінен айырылуы мүмкіндердің қатарында Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Олег Кипер де бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу