Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Желіде тараған «несие кешіріледі» деген ақпарат жалған болып шықты

Қоғам
Желіде тараған «несие кешіріледі» деген ақпарат жалған болып шықты
Фото: Malim.kz

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердегі несиелерді есептен шығару жөнінде ақпарат тарады. Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдед, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство азаматтарды күмәнді хабарламаларға сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

Сондай-ақ несиені «жабуға көмектесеміз» деп уәде беретін делдалдардан сақ болу қажеттігін ескертті.

«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған мәліметтерге сенбеуге және делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Агенттік Қазақстанда қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауына арналған бірыңғай тетік бар екенін атап өтті.

Егер несие төлеуде қиындық туындаса, азаматтарға делдалдарға жүгінбей, тікелей өз банкіне хабарласу, қарызды қайта құрылымдау немесе төлем мерзімін ұзарту жөнінде өтініш беру ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ресми ресурстарын тексеру қажет.

Мамандардың айтуынша, мұндай жалған ақпарат көбіне азаматтардың жеке деректерін алу немесе қаржылық алаяқтық жасау мақсатында таратылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу