Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жемқорлықпен ұсталғандар сайлана алмайды

Құқық
Жемқорлықпен ұсталғандар сайлана алмайды

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші  отырысында Ата заңға жемқорлардың сайлану құқығын шектейтін норма енгізуді ұсынды.

 Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқық бұзушылық жасауда кінәсі сотта белгіленген тәртіппен танылған азаматтардың сайлануға құқығы болмайды, - деді ол.

Оның пайымдауынша, бұл қоғамның талабына сай норма болмақ.

- Бұл жаңашыл нормадағы ерекше назар аударатын түзету қазіргі таңда қоғамда өте жағымсыз сипат алған сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық әрекеттеріне қатысты талаптардың қатаңдатылуы болып саналады, - деді Нұрлан Бекназаров.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу