freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кетті

Қоғам
Жетісу облысында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кетті
Фото: әлеуметтік желі

Оқиға 17 шілде күні Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, Уәлиханов көшесінің қиылысында жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жасөспірім жолға шығар алдында қауіпсіздікке көз жеткізбеген. Салдарынан ол түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша материалдар жинақталып, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданған.

Оқиғадан кейін полиция ата-аналарды балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отыруға шақырды. Сондай-ақ велосипед пен самокат мінетін жасөспірімдерге жолды кесіп өтерде ерекше сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу