Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісуда тауда жоғалған 83 жастағы қария аман-есен табылды

Қоғам
Жетісуда тауда жоғалған 83 жастағы қария аман-есен табылды

э28 тамыз таңғы уақытта қария мал бағуға шыққан, алайда кешке үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жақындары алаңдап, бірден полицияға жүгінген.

Зейнеткерді іздеуге барлық күш жұмылдырылды. Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және бейжай қарамайтын еріктілер іздестіру жұмысына қосылды. Қиын таулы аумақтарды шолуға заманауи техника — ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Біраз уақыттан соң қария Сарыбел ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі таулы аумақтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Осылайша полиция қызметкерлері қарияны отбасымен қауыштырды.

Фото: видеодан скрин

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу