Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жолды жауып тастаған Қоянды ауылынан бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

Қоғам
Жолды жауып тастаған Қоянды ауылынан бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

Астана іргесіндегі Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- 27 наурыз сағат 06:00 жағдай бойынша 80 мың текше метр еріген су тартылды. Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және ЖАО 17 бірлік техникасы, 76 адам және 18 мотопомпасы жұмылдырылды. Жағдай қалыпты, - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Айта кетейік, кеше түнде Қоянды ауылының халқы су тасқынына қарсы шараларға көңілі толмай, наразылыққа шықты. Тұрғындар ауыл әкімдігі маңындағы жолды жауып тастады. Оқиға орнына ауыл аудан әкімі Б.Оспанбеков пен облыстық ТЖД басшысы Қанат Доспаев барды.

 

ФОТО: ТЖД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу