Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жүйкесі тозған... Жын кірді деп ары-бері тасыды": Атыраудағы трагедия туралы сұмдық жайттар мәлім болды

Қоғам
"Жүйкесі тозған... Жын кірді деп ары-бері тасыды": Атыраудағы трагедия туралы сұмдық жайттар мәлім болды
smartnews.kz коллажы

Атырауда қоғам назарын аударған ауыр қылмысқа қатысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл деректерді журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі жеке парақшасында бөлісті, деп жазады Malim.kz.

Журналистің жазуынша, күдіктінің жұбайы Ақбаян – 30 жаста, бес баланың анасы. Ол кенже перзентін былтыр дүниеге әкелген. Ақбаянның әпкесі Әсиләның айтуына қарағанда, әйел жүктілікке дейін бірнеше мәрте операциядан өтіп, денсаулығы айтарлықтай әлсіреген.

"Әпкесі Әсилә "Жүктілік алдында бірнеше рет операция жасап, денсаулығы әлсірегенін айтады. 5-шісін босанған соң мінезі күрт өзгеріп, послеродовой депрессияға түсті. Жүйкесі тозған, әбден шаршаған, бір нәрсе айтсаң мәңгіп басқа нәрсе ойлап тұрады. Жағдайы күннен күнге күрделенуде, бір сөзбен өзіне өзі ие емес. Күйеуі жын кірді деп оны әрлі-берлі тасып жүрді. Біздің әу баста іздемеген себебіміз де осы, баяғы емге кетті деп ойладық…" деп көзіне жас алды Әсилә апай. Өте қиын жағдай…" – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу