Статьи по теме: Асан Қайғы

Найдено 1 вариантов:

Асан Қайғының алдаспан жырлары
Әдебиет

Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басында өмір сүрген жырау. Асан Қайғы Алтын Орданың ханы, кейіннен Қазан хандығының негізін қалаушы Ұлы Мұхаммедтің ең ықпалды тұлғаларының бірі болған. XV ғасырдың 50-ші жылдары ол Шығыс Дешті Қыпшақ даласындағы саяси күресте Әбілқайыр ханның қарсыластары, 1456 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың жақтасы болды. Ол жаңа хандықтың идеологы және барлық қазақ тайпалары мен руларын біріктірудің жақтаушысы болды. Асан Қайғы тұрмыс мәселеріне тереңінен үңіле жырлаған данышпан жырау. Осыған орай, оның шығармашылығында: толғау, терме, нақыл сөздер мен афоризмдер секілді философиялық және дидактикалық жанрлар басты орын алды. Оның шығармаларын Шоқан Уәлиханов, Потанин секілді шығыстанушы-ғалымдар және белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев және тағы басқа ғалымдар жинаумен айналысқан. Асан Қайғының поэтикалық мұрасы XIX ғасырда жариялана бастады, оны зерттеуде Совет жазушылары Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезов және тағы басқа жазушылар маңызды үлес қосты.

  • 28.08.2024