Халықаралық сот Израиль премьері Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді

Нетаньяху мен Галант Газа халқын қасақана ас-судан, дәрі-дәрмектен, жылу мен жарықтан айырған

Malim Админ

  • 22.11.2024

Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты Газа секторында әскери қылмыс жасады деген айыппен тұтқындауды талап етті.


Сот палатасы Нетаньяху мен Галант әдейі әрі біле тұра Газа халқын судан, тамақтан, дәрі-дәрмектен, медициналық жабдықтар, жылу мен жарықтан айырғанын айтып, айыптады.

Қарашаның басында Нетаньяху Галантты қызметінен босатқан. Ол министрге енді сенімі жоғын айтқан.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот ХАМАС тобының (АҚШ, ЕО және Израиль террористік ұйым деп таныған) жетекшісі Мұхаммед Дейфті де тұтқындауға ордер берді. Израиль Дейф 2023 жылы 7 қазанда Израильге шабуылдың ұйымдастырушысы деп санайды.

Биыл тамызда Израиль күштері Дейф 13 шілдеде Газа секторында Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқан деп мәлімдеген. Reuters-тің жазуынша, ХАМАС мұны жоққа шығарған да, растаған да жоқ. Сот оның өлімі туралы ақпарат жинауды жалғастырады деп жазды BBC агенттігі.

Израиль Дейф 2023 жылы 7 қазанда Израильдің солтүстігіне шабуылдың ұйымдастырушысы деп санайды. Бұл шабуылдан 1200 адам қаза тауып, 251 адам тұтқындалған.

Осыдан соң Израиль Газа секторын бомбалай бастаған. Қазір Таяу Шығыстағы соғыс әлі жалғасып жатыр. Сектордағы ХАМАС-қа бағынатын денсаулық сақтау министрлігі кемі 44 мың адам қаза тапқанын айтады.

Фото: Sean Gallup; newarab.com 

Байланысты жаналықтар

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Рим Папасы антисемитизм мен Газадағы қақтығысты айыптады

20.04.2025

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

08.04.2025
MalimBlocks
Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Рим Папасы антисемитизм мен Газадағы қақтығысты айыптады

Рим Папасы Франциск Пасха құттықтауында Urbi et Orbi әлемдегі антисемитизм мен Газадағы қанды қақтығыстардың жалғасуын айыптады

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады