freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Маған бұйрық берме”: Мақпал Жүнісова Асқар Құлыбаевқа сөз қайтарды

Қоғам
“Маған бұйрық берме”: Мақпал Жүнісова Асқар Құлыбаевқа сөз қайтарды
Фото: видеодан кадр

Алматыда 8 наурыз мерекесіне орай өткен концертте Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Ән кешіне белгілі кәсіпкер Асқар Құлыбаев қатысып, сахнаға шығып әншіні мерекемен құттықтаған. Алайда ол жылы лебізден кейін әртіске артық салмақтан арылу туралы кеңес айтып, жұртшылықтың назарын аударды.

Сахнада сөйлеген ол әншінің бұрынғы өнерін еске алып, бірнеше келі салмақ тастаса, бұрынғыдай жеңіл қимылдап, сахнада жарқырайтынын айтқан. Сондай-ақ өзін күтіп, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу керектігін де сөз еткен.

Әнші оның ұзақ сөзін тоқтатуға тырысқанымен, қонақ сөзін жалғастырып, даусын көтере сөйлеген. Сөзін аяқтағаннан кейін микрофонды алған Мақпал Жүнісова оған жауап қайтарды.

Әнші өзіне бұйрық бермеуді сұрап, қиын кезеңдерде қолдау көрсетпеген адамдардың енді кеңес айтуы орынсыз екенін жеткізді. Сонымен қатар ол кәсіпкердің бай адам екенін атап өтті.

Осы кезде Асқар Құлыбаев өзін миллиардер емес, миллионер екенін айтқан. Ал әнші оған әзіл аралас жауап беріп, көрермендердің қолдауымен қонақты сахнадан шығарып салды.

Кейін өнер иесі өзінің сырт келбетіне қатысты айтылған пікірге де жауап берді. Оның айтуынша, ол үшін тұрмысқа шығу мақсат емес және өзінің келбетіне толықтай көңілі толады.

Айта кетейік, Асқар Құлыбаев – қазақстандық кәсіпкер, ал оның ұлы Тимур Құлыбаев елдегі ықпалды бизнесмендердің бірі саналады. Ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы.

Бұған дейін, 2011 жылы Ақтау халықаралық теңіз сауда порты акваториясында орналасқан мұнай терминалы Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның меншігіне өткен болатын. Кейін 2024 жылы құны 66 миллион доллар деп бағаланған бұл стратегиялық актив мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу