Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

10 сәуірден кейін жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру керегі рас па?

Қоғам
10 сәуірден кейін жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру керегі рас па?

Ішкі істер министрлігі 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен чаттарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралып жатыр. 

Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
  • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
  • Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.

Фото: egov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу