Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«11 млн айыппұл». Қайрат Нұртас гүл жұлып, жұртты шулатты

Мәдениет
«11 млн айыппұл». Қайрат Нұртас гүл жұлып, жұртты шулатты

Әнші Қайрат Нұртас Instagram желісінде қызғалдақтардың арасында жүрген видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода әнші өсіп тұрған гүлді жұлып, иіскейді. Желі қолданушылары әншіге ескерту жасап жатыр. Алайда жұлынған гүл қызғалдақ емес екені белгілі болды.

Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік, - деп жазды Қайрат Нұртас. 

Желі қолданушылары табиғат аясында жүргенде ешқандай гүл жұлмау керегін ескертіп жатыр. Сондай-ақ танымал әнші қанша айыппұл төлеуі мүмкін екенін жазған.

«Енді гүл жұлғаны үшін айыппұл төлейді», «11 млн төлейтін шығар», «Бүгіннен бастап көкнәр жұлғаны үшін айыппұл деп жүрмесін», «Гүлді жұлғаның үшін айыппұл төлейсің», «9 млн кетті», деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Фото: instagram.com/kair_n

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу