freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

15 тамыз - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Қоғам
15 тамыз - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
Фото: ашық дереккөз

Биыл сазгердің туғанына 96 жыл толып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді. 

«Вальс королі» атанған әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық қорында 300-ден астам ән бар. Оның «Арыс жағасында», «Сыған серенадасы», «Кешікпей келем деп ең» сынды туындылары халық арасында кеңінен танылып, бүгінге дейін сүйіп орындалып келеді.

Композитордың әндері қазақ халқының рухани болмысын, сезімі мен арманын айшықтайды. Әуезді шығармаларынан туған жерге деген махаббат, жастықтың жалынды үні мен кең даланың тынысы сезіледі. Сондықтан Шәмшінің әндерін әр буын өкілі жатқа айтып, жүрегінде сақтап келеді.

Шәмші Қалдаяқов шығармаларында елге, жерге, туған-туыс пен достыққа деген сүйіспеншілікті ерекше жырлады. Соның жарқын мысалының бірі – «Менің Қазақстаным» әні. Бұл шығарма халықтың тарихы мен елдік рухын, қазақ даласының тыныс-тіршілігін терең бейнелейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу