freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

15 тамызда Қазақстанда жаңбыр жауып, аптап ыстық сақталады

Қоғам
15 тамызда Қазақстанда жаңбыр жауып, аптап ыстық сақталады
Фото: istockphoto

«Қазгидромет» 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Аталған аймақтарда, сондай-ақ оңтүстікте дауылды жел күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде аптап ыстық болады. Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде және Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі.

Ақмола облысында күндіз +35°С, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында +35…+39°С, Жамбыл облысында +38…+40°С болады.

Түркістан облысында, сондай-ақ Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +40…+43°С-қа дейін жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу