Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

15 жастағы қызды зорлау ісі бойынша полицейлер де тексеріледі

Құқық
15 жастағы қызды зорлау ісі бойынша полицейлер де тексеріледі

Келес ауданындағы 15 жасар қыздың босануына қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пікір білдірді. 


2025 жылдың қыс айында жас қыз Астана қаласының медициналық мекемесіне жүкті болып қаралып, кейін босанған. Осы факт бойынша қыздың өзі және анасы, оның жас жігітімен өзара келісім бойынша байланыста болғанын айтып, тергеу барысын жаңылыстырғаны анықталды, — деді Мұрат Қабденов.

Осылайша олар арыз жазудан және сараптама жүргізуден бас тартқан.

— Алайда 12 қазанда жәбірленушінің анасы күдікті ретінде 70 жастағы туысына қатысты арыз түсіріп, құқық қорғау органдарына жүгінді.  Осы факті бойынша Түркістан облысы ПД Келес аудандық полиция бөлімі шұғыл қылмыстық іс қозғап, кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды, — деп жазды Полиция департаментінің бастығы.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Мұрат Қабденов тергеу әрекеттерінің барысын қатаң бақылауға алғанын айтты.

Фото: depositphotos.com


 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу