«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктер сенбі күні барлық облыстар мен республикалық маңызы бар үш қалада қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.
Астанада түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Іле Алатауы тауларында да өткінші жаңбыр, найзағай болады. Жел 15–20 м/с дейін.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаевта жел екпіні кей уақытта 18 м/с дейін жетеді.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл, тауда таңертең және күндіз нөсер жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел 15–20 м/с дейін. Түркістанда да таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Қызылорда облысында күндіз орталық және шығыс бөліктерінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыста, оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с, екпіні 23 м/с дейін. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, батысы мен солтүстігінде де күтіледі. Таразда өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.
Қарағанды облысында жел 15–20 м/с дейін күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен батысында да күтіледі. Қарағандыда түнде жел 15 м/с дейін, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Түнде солтүстік-шығысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысында жел 15 м/с дейін. Шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с, түнде кей уақытта 25 м/с дейін. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Жел 15–20 м/с дейін. Түнде батысы мен солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік болады. Көкшетауда түнде жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с дейін.
Қостанай облысында солтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел 15–20 м/с дейін. Түнде батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.